Алматы облысында үш бала терезеден құлап, біреуі мерт болған

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматы облысында үш бала терезеден құлап, біреуі мерт болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында үш бала терезеден құлап, біреуі мерт болған

Алматы облыстық ТЖД бастығының орынбасары өңір бойынша көпқабатты үйдің терезесінен балалардың құлап кету оқиғасының статистикасын айтты.

«2020 жылдың 8 айында Алматы облысында 3 рет көпқабатты үйдің терезесінен бала құлау оқиғасы тіркелді. Оның ішінде бір бала қаза болды, екеуі жарақат алды. 2018 жылы 1 бала терезеден құлап, опат болған болатын. Ал 2019 жылы 6 бала терезеден құлап кеткен. Оның біреуі қаза болып, қалғаны жарақат алған. Балалар әр нәрсеге қызыға береді. Сондықтан ашық терезенің алдында қауіпсіздікті ойламайды. Көбене 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлап кетіп жатады. Мұндай оқиғалар көбінесе ата-ана балаларды қараусыз қалдырған кезде болады», - деді Департамент бастығының орынбасары Ерлан Ахашов.