Алматы облысында үш жұмысшы газға уланып көз жұмды

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қаскелең қаласында жекеменшік тұрғын үйдің пешінен табиғи газдың шығуы салдарынан 4 жалдамалы жұмысшы иіс тиіп уланды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
None
None

 22, 24 және 39 жастағы үш ер адам оқиға орнында көз жұмды, тұлғасы анықталмаған тағы бір ер адам ауруханаға жеткізілді. ТЖ орнына ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД-гі жеке құрамның 2 адамы мен 1 техникасы шықты.

Соңғы жаңалықтар