Алматы облысында үйлерді заңсыз жалға берушілерге «соғыс» жарияланды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейлер «Учаскі» іс-шарасын өткізуді бастады.

Алматы облысында үйлерді заңсыз жалға берушілерге «соғыс» жарияланды

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, облыс аумағында шұғыл-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде тексерілген 36 мың пәтер мен 77 мың жекеменшік үйде полиция қызметкерлері салық органдарында тіркелместен баспананы жалға берудің 235 фактісін анықтады. Олар бойынша 111 ұйғарым жолданды.  

Сонымен қатар, шамамен 7 мың қару иелері тексерілді, нәтижесінде сақтау және алып жүру ержелерінің түрлі бұзушылақтары үшін 179 қару алынды. Сонымен қатар қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаудың 18 фактісі анықталды. Іс-түзсіз жоғалған 14 адам табылды. Тергеуден қашып жүрген 9 қылмыскер ұсталды.

2 576 адам әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылды, оның 247-і Қазақстанда болу ержесін бұзған шетел азаматтары болып шықты.