Алматы облысында ветеринарлық-санитарлық аумақтық инспекцияның бас маманы ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Сандғгаш Дүйсенова/ - Алматы облысында ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитеті Қарасай ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық аумақтық инспекциясының бас маманы ұсталды
Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы прлициясы) департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ветеринарлық инспектор жануарларды кедергісіз өткізіп, сату үшін ветеринарлық сертификаттарды беріп келгендігі үшін пара алған.
Оның үстінен 21 пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.