Алматы облысында жаңа ГЭС-3-тің ашылуы өтті

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, нысанның негізгі құрылысы су қабылдау бөлімі, ұзындығы 1 255 метрлік арна, қарқын туғызатын әуіз, турбиналық суағарлар, ГЭС ғимараты, ағынды су арнасы, су ағызуды бөлгіш, артық суды ағызу, 35 кВт-қа арналған кіші стансы болып табылады. Электрлік техникалар - Қытай Халық Республикасында жасалған. ГЭС-3-тің индикативтік құны - 1,3 млрд. теңге. Құрылыс 2009 жылғы ақпанда басталған болатын.
ГЭС-тің ашылуы 2008-2016 жылдарға арналған облыстық шағын энергетиканы дамыту бағдарламасының бірінші кезегін іске асыру аясында өтті. Осы бағдарламаға сәйкес Алматы облысында 326 мегаваттық 28 шағын ГЭС салынбақшы.
Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов өзінің құттықтау сөзінде өткен жылы Ақсу, Қаратал және Есік өзендерінде жиынтық қуаты 11 МВт болатын үш жаңа ГЭС-тің іске қосылғанын айтты. Бұл Қазақстандағы соңғы 25 жыл ішінде жаңадан салынған алғашқы гидроэлектр стансылар. Оны салу бастамасын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2008 жылғы тамызда облыста болған кезінде мақұлдады. 2010 жылы тағы 4 ГЭС-тің (31,4 МВт) құрылысы жоспарланған.
Облыс әкімінің айтуынша, қабылданып отырған шаралар электр энергиясын пайдалану тапшылығын қысқартуға мүмкіндік береді.