Алматы облысында жас жігіт өртеніп кетті- ҚР ТЖМ

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысы Боралдай кентінде сәрсенбі сағат 03:40-та тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Алматы облысында жас жігіт өртеніп кетті- ҚР ТЖМ

Өрт таңғы сағат бесте ауыздықталды. Оған ҚР ТЖМ Алматы облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 3 адамы мен 1 техника бірлігі жұмылдырылды. Оқиға орнында 23 жасар жігіттің мүрдесі табылды.