Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында жастар кәсіпкерлігінің проблемалары мен болашағы талқыланды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Жетісудағы «Бизнес және жастар» конференциясында жастар кәсіпкерлігінің проблемалары мен болашағы талқыланды.

Алматы облысында жастар кәсіпкерлігінің проблемалары мен болашағы талқыланды

Ауыл жастарының одағы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Алматы облысындағы аймақтық филиалы бірлесіп ұйымдастырған форум жастар кәсіпкерлігінің дамуына, жұмыс орныдарын құруда баламалы әдістерді іздеу және жастарды аймақтың әлеуметтік-экономикалық үдерістеріне тарту мәселелеріне арналды.

Оған Алматы облысында өз бизнесін жүргізіп, оны ойдағыдай дамытып отырған жас кәсіпкерлер - Гүлмира Хәкімова мен Еркебұлан Қанатай қатысты. Азық-түлік және туризм саласында бизнесін дөңгелетіп отырған олар өздерінің жетістіктерімен және жоспарларымен, мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудағы тәжірибесімен бөлісті.