Алматы облысында желден ағаштар құлап, ауылдар жарықсыз қалды

АСТАНА. Қазақпарат - Алматы облысында қатты соққан жел жұртты әбігерге салуда.
None
None

Әсіресе Кербұлақ ауданы зардап шегуде. Атап айтқанда, ұйытқыған жел Тастыөзек ауылында орта мектептің, «Ақбастау» ШҚ қоймасының шатырын ұшырып әкетті. Қоғалыда мәдениет үйі ғимаратының, ауылдық аурухананың «Ақмарал» ШҚ қоймасының, «Мәди» ШҚ қоймасының шатырлары желмен бірге ұшты. Ағаштар құлап, салдарынан ВЛ-10 кВ электр желілеріне зақым келді. Тастыөзек, Шаған, Доланалы, Жайнақ ауылдары жарықсыз қалды. Оқиға орнында аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар