12:48, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Алматы облысында жеміс-көкөністерді тікелей жеткізіп беруге арналған 4 меморандумға қол қойылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында Талдықорғанға жеміс-көкөністерді тікелей жеткізіп беруге арналған 4 меморандумға қол қойылды.
Бұл жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов Астанада бейсенбі күні, қарашаның 26-сында Үкіметте өткен селекторлық кеңесте хабарлады.
Қол қойылған құжаттар ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының өсуін ырықтандыруға арналған.