Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысында жергілікті тұрғын өз бақшасынан бірнеше гранаталар тапты

ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Іле ауданының саяжайларының бірінде жергілікті тұрғын өз бақшасынан жарылғыш заттарды тапқан.

Алматы облысында жергілікті тұрғын өз бақшасынан бірнеше гранаталар тапты

Ол өзінің тауып алған қауіпті  заттар туралы Іле аудандық ІІБ-ге хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның бақшасынан  табылғандар пакетке толы әртүрлі нұсқадағы гранаталар екендігін растады.

 Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыстық мамандандырылған «Арлан» құрылымының мамандары пакеттің ішінде «РГД-5» нұсқасындағы екі жарылғыш зат, «Ф-1» түрінде 3 және «РГО» нұсқасында 3 жарылғыш зат бар екендігін анықтады. Барлықтарыны да тұтандырғыштары болған.

 Полиция қызметкерлері оларды жоюға шешім қабылдады. Сондай-ақ қауіпті заттардың иесін анықтау мақсатында қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.