Алматы облысында жол апаты орнынан екі жыл бұрын бой тасалаған күдіктінің кім екені анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері екі жыл бұрынғы істі ашып, қылмыстының жазасыз қалмайтындығын дәлелдеді.
None
None

Облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, 2013 жылы шілдеде Іле ауданындағы Алматы-Қапшағай тас жолында «Ленд-Крузер Прадо» мен «Мазда-626» көлігі соқтығысқан. Апатқа кінәлі жол талғамайтын көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып үлгерген еді. Аяқ-қолы сынған «Мазда жүргізушісі» полицейлерге бой тасалаған көліктің маркасы мен түсін ғана айтып берген болатын.

Іле АІІД қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының барысында Аламатыдан джип көлігін айдап кетіп, сол 2013 жылы Қарағандыда ұсталып, үш жылға шартты жаза кесілген 25 жастағы ер адамның кім екенін анықтады.

Сот талқылауы барысында сотталушы айдап кеткен көлікпен жол апатына (келесі қатысушы ауыр дене жарақтын алған) себепкер болған. Ол сотқа жәбірленушіге қажетті көмек көрсетпестен, оқиға орнынан бой тасалғаны жайлы тіс жармаған.

Көлікті іздестіріп, күдіктінің кім екенін анықтаған полицейлер екі жыл бұрынғы қылмыстық іс тергеуін жаңартты. Енді айыпталушыны қатаң жаза күтуде.

Соңғы жаңалықтар