08:53, 20 Ақпан 2013 | GMT +5
Алматы облысында жолаушылары бар жеңіл көлік қар құрсауынан құтқарылды
АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке Алматы облысы Қарасай ауданының Долан ауылы жанында 4 адам мен 1 жеңіл көлік қар құрсауында қалды.

Облыстық өрт сөндіру қызметінің күшімен (3 адам мен 1 техника) көлік адамдарымен бірге жолдың тазартылған учаскесіне шығарылды, ол жерден машина қозғалысын одан әрі жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады ҚР ТЖМ-нен.