Алматы облысында жүк көлігі сиырларды қақты: Бір адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында жүк көлігі сиырларды қағып, 33 жастағы жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысында жүк көлігі сиырларды қақты: Бір адам мерт болды

Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады. Жол- көлік апаты Талғар ауданында болды.

«HYUNDAI HD 270» жүк көлігінің жүргізушісі батыс бағытта Ақбұлақ-Талғар тасжолы бойында үш сиырды қағып кеткен. Салдарынан оқиға орнында 33 жастағы жүк көлігінің кабинасында отырған жолаушы мерт болды», - деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Аталған жол апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.