Алматы облысында жыл соңына дейін 11 денсаулық сақтау нысаны салынып бітеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында осы жылы Алматы облысында денсаулық сақтау жүйесіне бюджеттен 8,7 млрд. теңге бөлінді.

Алматы облысында жыл соңына дейін 11 денсаулық сақтау нысаны салынып бітеді

Жыл аяғына дейін жалпы сомасы 5,4 млрд. теңгеге 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Денсаулық сақтау ұйымының 11-іне 1 млрд. теңгеге жөндеу жүргізіледі. Жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге 156 бірлік жабдық сатып алынады. Бұл туралы Талдықорғанда ҚР Президенті жанындағы ОКҚ филиалының ашылуы барысында белгілі болды.