Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысындағы адам өлтіру қылмыстарының фактілері бойынша 5 мыңнан астам адам сұралды, тергеу амалдары жалғасуда - ҚР ІІМ

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағында жасалған ауыр қылмыстардың тергелуі жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

Алматы облысындағы адам өлтіру қылмыстарының фактілері бойынша 5 мыңнан астам адам сұралды, тергеу амалдары жалғасуда - ҚР ІІМ

Қазіргі уақытта қылмысты жасалған ауданында және басқа жерлерде ішкі істер органдарының екі жүзден артық қызметкері, соның ішінде 48 жедел қызметкер, 15 тергеу өкілі, 12 криминалист, 30 жол полициясы, әкімшілік полициясының 60 қызметкері, сондай-ақ басқа қызметтердің өкілдері бар.

Аумақты мұқият тексеруден басқа саяжай учаскелерін, азаматтардың тұрақты, уақытша тұратын орындары, олардың қылмыс жасалған ауданда уақытша болуын тексеру жалғасуда. Қазіргі уақытта 5 мыңнан астам адам сұралды.

Қылмыстың ықтималдық нұсқасы бойынша қосымша материалдар жиналуда. Бірінші рет тексеру барысында алынған материалдарды (айғақ дәлелдерді, фото-бейнематериалдарды, биологиялық іздерді) салыстыру және оқиғалар тізбегін қалпына келтіру үшін оқиға орындарының кешенімен салыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

Сонымен бірге, сот-медициналық қызмет өкілдерімен тығыз байланыс орнатылған.