Алматы облысындағы «Қазақстан» полигонында авиация бағыттаушыларының жиыны өтуде
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Қазақстан» полигонында авиация бағыттаушыларының жиыны өтуде. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Биылғы жиынға Қазақстан Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының, Аэроұтқыр әскерлерлерінің әскери қызметшілері тартылған.
Жаттығу жиынына қатысушылар бір ай бойы жауынгерлік міндеттерді орындау кезіндегі авиациялық техниканы басқарудың теориялық және практикалық мәселелерін пысықтайтын болады.
Қазіргі уақытта Қазақстан армиясы ұрыс жүргізуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы технологиялары мен әдістерін, сондай-ақ жерүсті нысаналарына жауынгерлік авиацияны бағыттауды қолданып келеді. Қазіргі заманғы ұрыста авиация бағыттаушыларының рөлі нысанаға дейінгі қашықтықты және авиазиялық зақымдау құралдарын қолдану тәсілдерін түзетуге келіп тіреледі. Жерүсті әскерлерінің құрамындағы авиация бағыттаушылары координаталарды көрсетіп, жергілікті жерлерден бағдар береді. Авиабағыттаушылардың нұсқауы бойынша жауынгерлік ұшақтар мен тікұшақтар авиациялық зақымдау құралдарын қолданады.
ҚР Қарулы Күштерінің авиация бағыттаушылары деректерді алу мен талдауға машықтану деңгейін жетілдіріп, жұмыс картасында координаталарды анықтау, жергілікті жерді бағдарлау және зақымдау құралдарының түрлерін таңдау тәсілдерін зерделейді. Авиабағыттаушылар сонымен қатар әуе және жерүсті операцияларын өткізу кезінде деректерді дәлме-дәл жеткізу шеберлігін шыңдауы тиіс.
Курстық даярлықтың соңына қарай жаттығу жиынына қатысушыларға «Алдыңғы шептегі авиация бағыттаушысы» мамандығы бойынша толық даярлық курсынан өткендері туралы куәлік табыс етілетін болады.