Алматы облысындағы Қырғызстанмен шекарада 12 қосымша блок-бекеттер орнатылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында, Қырғызстанмен шекарада 12 қосымша блок-бекеттер орнатылды.
Бұл туралы ішкі істер департаментінің бастығы Жайлаубек Кембаев хабарлады.
Оның айтуынша, бұрын облыс аумағында, Алматы-Бішкек тас жолының бойында 143 шақырымға созылған бір ғана тұрақты блок-бекет жұмыс істеген. Ол жерде шекарадан өтетін жолаушылар мен жүк автокөліктері тексеруден өтеді.
«Қырғызстандағы жағдай әлі де тұрақсыз күйінде қалып отырғандықтан, Алматы облысына шекараның таулы аймақтары арқылы жаяу босқындардың өтіп кетуі мүмкін. Заңсыз көші-қон мен қару, есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактілерінің алдын алу үшін атты полиция қызметін іске қосуға шешім қпабылданды», - деді ІІД бастығы.