Алматы облысындағы су тоғандарының санитарлық жағдайы қанағаттанарлық

Оның айтуынша, шомылу маусымы басталардан бұрын 92 жағажайдағы демалыс аймақтары, соның ішінде облыс тұрғындары демалыс күндерін өткізетін ұйымдастырылмаған демалыс орындары тексерістен өткізілді.
«Барлығы 2010 жылдың мамыр-маусым айларында судағы денсаулыққа қауіпті заттарды анықтау үшін 48 химиялық және микробилогиялық зерттеулер жасалды. Бірақ оның нәтижесінде демалушыларға қауіп төндіретін ешқандай заттар табылмады», - дейді облыстың бас санитарлық дәрігері.
Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті Қызылағаш ауылында болған су тасқынынан қаза тапқан үй жануарларының мәйіттері өзеннің ағынды сулары арқылы Балхаш көліне ағып, оны ластап жатқанын жоққа шығарды.
Су тасқынынан кейінгі өлген малдардың мүрделері арнайы мал қорымдарында көмілген, деп отыр санитарлық дәрігерлер.