Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны туған әжесін өлтіргенін мойындады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері туған әжесін өлтірді деген күдікпен Іле ауданының 18 жастағы тұрғынын ұстады.

Алматы облысының 18 жастағы тұрғыны туған әжесін өлтіргенін мойындады

Полицияға Боралдай ауылындағы жер үйлердің бірінің жертөлесінен 64 жастағы әйелдің мүрдесі табылғандығы туралы оның туыстары хабарлаған. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, оның өлімі механикалық асфиксиядан (ағзаға оттегінің жетіспеуі) болды.

Қылмысты оның немересі жасады деп күдіктелуде, ол мойындау түсініктерін беріп үлгерді. Жас жігіт оны өлтіруге қарапайым отбасылық ұрыс себеп болғанын айтуда.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат Іле АІІБ-ның уақытша ұстау абақтысына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойыеша тергеу амалдары басталды.