Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысының әкімі аудандар мен ведомстволар басшыларына қатаң талап қойды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - 2009 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша облыс әкімі Серік Үмбетов бірқатар аудандар әкімдері мен ведомстволар басшылары атына сын-ескертпелер айтты,

Алматы облысының әкімі аудандар мен ведомстволар басшыларына қатаң талап қойды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Олар, негізінен ірі кәсіпорындардың жұмысшылардың еңбек құқын сақтау жөнінде жасасқан меморандумдарды орындамауы, жергілікті тауар өндірушілерге дұрыс қолдау көрсетілмеуі, қылмыстың өсуі мен жұқпалы аурулардың таралуы, балалар өлімі көрсеткішінің арта түсуі секілді кемшіліктерге қатысты болды.Еңбекшіқазақ және Панфилов аудандарында бұл іс дұрыс жолға қойылған болса, Балқаш, Алакөл және басқа да аудандарда ? сылбырлық байқалады. Облыс әкімі білім беру , еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау басқармалары бастықтарынан жұмысты жандандыруды, орын алған кемшіліктерді жоюды талап етті, білікті жас мамандардың жетіспеушілігін жою мен қызмет көрсету сапасын жақсартуды тапсырды. Облыс әкімі орындалуы дүниежүзілік дағдарыстың салдарын жеңілдетуге, барлық сала экономикасындағы оң үдерістерді сақтап қалуға ықпал ететін басқа да бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осы және басқа да тапсырмаларды дер кезінде орындау үшін, облыс әкімі барлық адам күшін және материалдық ресурстарды жұмылдыруға шақырды, барлық бағыттар бойынша жұмысты күшейтуді талап етті.