Алматы облысының әкімі: «ҚазАқпарат» ХАА - жақсы жаңалықтар жаршысы
ТАЛДЫҚОРҒАН-АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі «ҚазАқпарат» ХАА ұжымын 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Құрметті «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымы!
Биыл еліміздің іргелі ұжымдарының бірі «ҚазАқпарат» агенттігінің құрылғанына 95 жыл толып отыр.
Алматы облысы әкімдігі және облыс тұрғындары атынан Сіздерді осынау мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы жылдар аралығында сіздер еліміздің айнасына айналып, жақсы жаңалықтардың жаршысы болдыңыздар. Барша жұртқа қажетті ақпаратты жылдам әрі қызықты етіп жеткізу жолында сіздердің ұжымдарыңыз өзінің барлық шеберліктерін, білімі мен тәжірибесін жұмсап, мемлекетіміздің жан-жақты даму ырғағын, тыныс-тіршілігіндегі сан қырлы оқиғаларды өз көрермендері мен оқырмандарына айшықты тілмен, сапалы да терең талдаудан өткен жұмыстарымен жеткізіп келеді.
Осыншама жылдық тарихы бар, өз ісін жете меңгерген білікті мамандары бар киелі шаңырақтарыңыз кез келген мақтауға лайықты.
Электронды ақпарат құралдары үлкен қарқынмен дамыған осынау заманда жаңа өзгерістермен біте қайнасып, егемен еліміздің ертеңі үшін жұмыс жасап, тың ойларыңызбен, жаңа бастамаларыңызбен, түрлі ақпаратты халыққа жеткізуге деген өзіндік көзқарастарыңызбен әрбір жанды қуанта беріңіздер.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға шығармашылық табыс, тың ізденіс, биік жетістіктер мен мықты денсаулық тілеймін.
Ізгі ниетпен, Алматы облысының әкімі А. Баталов», - деп жазылған құттықтау мәтінінде.