Алматы облысының әкімі православтарды Рождество мерекесімен құттықтады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов кеше Иоанн Боговослов соборында болып,
None
None
барша православтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Құрметті жетісулықтар, сіздерді Рождество мерекесімен және Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Сіздерге және сіздердің жақын-жұрағаттарыңызға бақыт пен денсаулық тілеймін! Бейбітшілікте және бір-бірімізбен келісімде өмір сүрейік, сонда ғана барлық қиындықтарды бірге жеңе аламыз»,- деп атап көрсетті әкім өз сөзінде. С. Үмбетов сондай-ақ жиналған қауымды биылғы жылы асарлатып жаңа храм мен мешіттің құрылысын аяқтауға шақырды.
Соңғы жаңалықтар