Алматы облысының әкімі жергілікті және республикалық басылымдардың 33 журналисіне сыйлықтар табыс етті

ТАЛДЫҚОРҒАН.   Желтоқсанның 29-ы.  ҚазАқпарат /Сандуғаш  Дүйсенова/ -  Алматы  облысының әкімі Серік  Үмбетов      сейсенбі,  желтоқсанның  29-ы  күні     жергілікті  және   республикалық басылымдардың 33 журналисіне  сыйлықтар табыс етті.
None
None

Бүгін облыс әкімінің сыйлығына  жарияланған   дәстүрлі конкурстың     қорытындысы  шығарылды.      33 журналист  100  мың, 75 мың  және  55 мың  теңге  көлемдегі ақшалай сыйлықтармен   атап      өтілді.

«Бұл игі істің бастамасы ғана.  Келесі  жылдан бастап   журналистерге  арналған  сыйлықтың  қоры   5 миллион теңгеге жеткізіледі.  Мен сіздерден жақсы және  өткір материалдар күтемін»,  деді  С.Үмбетов өз сөзінде.

Салтанатты іс-шараға  жергілікті   газеттер мен  телеарналардың   редакторлары және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының   тілшілері  қатысты.

Соңғы жаңалықтар