Алматы облысының әкімі жетісулықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 16 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов «Нұр» мешітінде болып, құрбандық шалу рәсіміне қатысып, діни мереке - Құрбан айтқа бағыштап құран оқуға келген жамағатты құттықтады.

Алматы облысының әкімі жетісулықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

«Бұл мейрамның тарихи тамыры сонау тереңде жатыр, оны қазіргі күні барша мұсылман қауым атап өтуде. Бүгін облыстың барлық мешіттерінде Айт намаз оқылуда», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сонымен қатар, әкім мешіт алдында жиналғандарды аурулар, аз қамтамасыз етілген отбасылар, жетімдер мен жесірлерге көмек қолын созуға шақырды, ол үшін әр мұсылман азаматы аспанның ризығы - сауапқа ие болатынын атап өтті.

Соңында облыс әкімі Серік Үмбетов жерлестерін құттықтай келе, оларға зор денсаулық, бейбітшілік пен қайыр-шарапат тіледі.