Алматы облысының басшысы Іле ауданы әкімдігі қызметтерінің тиімділігін арттыру туралы бірқатар міндеттер жүктеді
Бұл жөнінде аймақ әкімдігінің көшпелі отырысы барысында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы Ержанбек Нұрбеков хабарлады.
Көшпелі отырыс Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтың төрағалығымен өтті.
Отырыс қорытындысын шығару кезінде облыс әкімі С.Үмбетов одан әрі өсу үшін Іле ауданының үлкен әлеуеті бар екенін атап айтты. Облыс басшысы жергілікті атқарушы органдар қызметтерінің тиімділігін арттыру, өндірістік өнеркәсіптің көлемін қалпына келтіру, ауыл шаруашылығын дамытудың орта мерзімді жоспарының сөзсіз орындалуы, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, инвестицияларды тарту бойынша бірқатар міндеттерді алға қойды.
Сонымен қатар, денсаулық сақтаудағы, білім берудегі, әкімдіктің актілері мен өкімдерін даярлау кезіндегі айтарлықтай кемшіліктерді жою қажеттілігін көрсетті. Облыс басшысы индустриялық-инновациялық бағыттағы жобалардың іске асырылуына, дағдарысқа қарсы бағдарламалардың орындалуына, «Жол картасы» бағдарламасының аясындағы іс-шаралардың іске асырылуына бақылауды күшейтуді талап етті.