Алматы облысының бір ғана ауданында келесі айда төрт балабақша ашылады
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары ғимарат жекеменшік қолға ауысқаннан кейін, бұл ауылда мектепке дейінгі дайындық проблемасы аса өткір мәселелердің біріне айналды. Ағымдағы жылы «Балапан» бағдарламасының арқасында балабақша мемлекет қарамағына қайтарылып, енді онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бас мердігер «Шанс» ЖШС-нің мамандары нысанды алдағы қазан айында пайдалануға бергелі отыр. Бұл жұмысқа бюджеттен бөлініп отырған жалпы сома 34 миллион теңгені құрады. Ғимараттың шатыры толық ауыстырылып, оған инженерлік-техникалар желілер тартылды, сейсмокүшейту жұмыстары жүргізілді. Қазір балабақшаның ішкі жайларын сылау, төңіректегі аумақты абаттандыру жұмыстары ғана қалды.
Мәмбет ауылынан басқа, Амангелді, Жарлыөзек және Мұқыр ауылдарында да балабақшалар ашылады. Қазір ол ауылдардағы балабақша ғимараттарында да күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.