12:21, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматы облысының біртұтас зияткерлік нөмірі болады
ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының біртұтас зияткерлік нөмірі болады.
Бұл туралы агенттікке бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінен кейін «Қазақтелеком» АҚ Алматы облыстық дирекцияның бас директоры Жексенбай Мейрембаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, Алматы облысының кез-келген тұрғыны 88000806050 тегін телефон нөміріне қоңырау шалып, халық санағы бойынша кез-келген сауал қоя алады. Абонент үшін қоңырау тегін болады, қызмет ақысын облыс әкімдігі мен облыстық статистика басқармасы төлейді. Зияткерлік телефон таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 20-ға дейін жұмыс істейтін болады.