Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматы облысының Достық стансасында жиырма пәтерлі үй пайдалануға берілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Алакөл ауданындағы Достық стансасында 20 пәтерлі коммуналдық тұрғын үйдің пайдалануға берілуіне арналған салтанатты шара болып өтті.

Алматы облысының Достық стансасында жиырма пәтерлі үй пайдалануға берілді

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құны 137 млн. теңге болатын нысанды «НМС» ЖШС құрылысшылары салды. Төрт қабатты ғимаратта 20 бір, екі және үш бөлмелі пәтерлер бар.

Алакөл ауданының әкімі Бағдат Қарасаев қоныстой иелеріне жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауылдық «Достық» ауруханасының дәрігерлері, жергілікті мектеп мұғалімдері мен шекарашылар бар.