15:32, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Алматы облысының елді мекендері орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен 66 пайызға қамтылған
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысында «Ауыз су» бағдарламасы жүзеге асырыла басталғаннан бері қаржыландырудың барлық көздері бойынша 274 нысанда жалпы сомасы 11,7 миллиард теңгенің жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, жергілікті бюджеттің есебінен - 7,6 миллиард теңге сомаға 224 нысанда жұмыс жүргізілді, деп хабарлады облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасынан.
Атап айтқанда, осы қаржыға 933 шақырым құбыр желісі жаңартылды және тартылды, 113 ұңғы, 48 резервуар, 59 сорғы стансасы, 69 сукернеуіш мұнара күрделі жөндеуден өткізілді, 48 жаңа ұңғы бұрғыланды. 109 зарарсыздандырушы құрылғы және 3 су тұщыту қондырғысы орнатылды.
Облыстағы барлық 771 елді мекеннің 505-і, яғни 66 пайызы - орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған, 257 елді мекенде орталықсыздандырылған су жүйесі жұмыс істейді, тағы 9 елді мекенге су басқа жақтан тасымалданады.