18:45, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматы облысының кеденінде Қазақстанның азаматы контрабандамен ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Достық» кеденінде Қазақстанның 30 жастағы азаматы контрабандамен ұсталды,

деп хабарлайды кеденнің баспасөз қызметі.
«Алматы-Үрімші» жолаушылар пойызын қарау кезінде вагондардың бірінен тіркелмеген валютаны - 9 700 АҚШ долларын және 230 юаньды Қытайға алып өтпек болған Қазақстанның азаматы ұсталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.