09:53, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Алматы облысының мектептерінде қазақ тілін басқа пәннің педагогтары оқытып келген
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының мектептерінде қазақ тілін басқа пәннің педагогтары оқытып келген, бұл туралы тілдерді дамыту облыстық басқармасының бастығы Ахмет Кендербеков мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оның айтуынша, Еңбекшіқазақ ауданындағы Терешкова мен Абай атындағы орта мектептер мен Ұйғыр ауданындағы Хамраев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін басқа пәннің мұғалімдері оқытып келген. Оның үстіне, мектеп пәндерін тіпті басқа мамандық иелері - тігіншілер мен тауартанушылар жүргізген фактілер де анықталып отыр. Ал Талдықорғандағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің қазақ сыныптарында информатика сабақтары орыс тілінде өткен.