00:48, 28 Ақпан 2018 | GMT +5
Алматы облысының полицейі «джиу-джитсудан» Азия чемпионатына қатысады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД арнайы жасағының сарбазы Мәди Досмұхаметов джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы атанды. Енді ол Азия чемпионатында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полиция лейтенанты Мәди Досмұхаметов облыстық ІІД жедел әрекет ету арнайы бөлімінде қызмет етеді. Қазақстан біріншілігіне 84 кг салмақта қатысты. Жеңіс тұғырынан көрінген тәртіп сақшысына жеңімпаз кубогы мен медалін Алматы облыстық ІІД басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымханов табыстады.
Айта кету керек джиу-джитсудан Азия чемпионаты сәуір айында Бішкекте өтеді деп жоспарланған. Мәди Досмұхаметов чемпион атағымен бірге осы доданың жолдамасын ұтып алды.