Алматы облысының спортшыларына 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейінгі сомада ақшалай сыйлықтар тапсырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов спорт саласындағы жыл қорытындысын шығарды. Ұйымдастырылған кездесуге облыс басшысының қолынан құрмет дипломдары мен ақшалай сыйлықтар алу үшін аймақтың үздік спортшылары келді,

Алматы облысының спортшыларына 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейінгі сомада ақшалай сыйлықтар тапсырылды

деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Барлығы 21 спортшы 50 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейінгі сомада ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, аймақтағы спорт жарыстарын насихаттағаны үшін республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатар журналистері 50 мың теңге мөлшерінде сыйлықтар алды.

«Алматы облысында ауыз толтырып айтар істер баршылық, - деді С.Үмбетов. - Облыс спортшылары 2009 жылы халықаралық және республикалық жарыстарда 644 медальды жеңіп алды. Олардың 243-і алтын, 188-і күміс және 213-і қола медальдар».