Алматы облысының тұрғындары ит ұстау ережелерін бұзғаны үшін жарты миллион теңге төлейді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 4 айы ішінде Алматы облысының полицейлері иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзғаны үшін 1988 әкімшілік хаттамалаорын рәсімдеді.

Алматы облысының тұрғындары ит ұстау ережелерін бұзғаны үшін жарты миллион теңге төлейді

Облыс ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, хаттамалардың жалпы санының - 1820-ы ескертулер. Мұндай заң бұзушылық Ақсу және Кербұлақ аудандарында, сондай-ақ Талдықорғанда көбейіп кеткен.

Заң бұзушылықты екінші рет қайталағандары үшін 150 ит иелеріне 531 719 теңге көлемінде айыппұл санкциялары салынды. Олардың әзірге 170 384 теңгесі өндіріліп алынды.