Алматы облысының тұрғыны 5,4 келі есірткімен ұсталды

АЛМАТЫ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаментінің (КО-Ш ІІД)есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы аумағында 5 келі героин тәркіледі,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш департаменттің мемлекеттік тіл және ақпарат бөліміне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Мерке стансысындағы алаңда қаңтардың 9-ы күні 29 жасар Алматы облысының тұрғынын тексеріп, одан 5,4 келі героин тапты. Ұсталған азаматтың айтуынша, есірткіні тауып алған, ары қарай өзі пайдалануды көздеген. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, есірткі сатушылар іздестірілуде.

Жалпы 2009 жылы КО-Ш ІІД есірткімен күрес басқармасы есірткі тасымалдаудың - 84, контрабанданың 27 фактісін анықтаған. Заңсыз айналымнан 7 тонна 567 келі 730 грамм есірткі заттары шығарылған.

Соңғы жаңалықтар