12:43, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматы облысының түзету мекемелерінде сотталғандардың арасында қысқы спартакиада өтуде
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін Алматы облысының түзету мекемелерінде сотталғандардың арасында қысқы спартакиада басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша басқармасының ақпараты бойынша, мәдени-бұқаралық іс-шаралар «Салауатты өмір салты» бағдарламасы аясында өткізіліп жатыр.Атап айтқанда, ЛА-155/1 түзету мекемесінде сотталғандар арасында үстел теннисінен, дойбыдан, шахматтан, волейболдан және арқан тартудан жарыстар басталды. Мекеме бастығының орынбасары әділет полковнигі Омаржан Тоқтиевтың айтуынша, мұндай шаралар сотталғандарды тәрбиелеу ісіне оңды ықпал етпек.