Алматы-Өскемен жолында шетелдік маркалы көлік пен автобус қақтығысты, 1 адам қаза болды

ӨСКЕМЕН. 7 қазан. ҚазАқпарат - Алматы-Өскемен күре жолының бойында БМВ-520 көлігінің жүргізушісі көлікті басқару тетігіне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Мерседес Бенц автобусымен соғылды.

Алматы-Өскемен жолында шетелдік маркалы көлік пен автобус қақтығысты, 1 адам қаза болды

Қақтығыстың салдарынан жеңіл шетелдік көліктің иесі алған жарақаттардан оқиға орнында жан тапсырды. Оның екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Облыстың ІІД-дан хабарлағандай, өткен тәулікте тағы бір жол апаты орын алған. Өскемен-Зыряновск жолының бойында «Тойота» жүргізушісі жол жиегінде тұрған ВАЗ-2109 көлігіне барып соққан. Апаттың салдарынан «Тойотаның» иесі зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.