Алматы полицейлері ірі көлемде заңсыз есірткі айналымын әшкереледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ал жеткізу арнасының соңғы нүктесі Алматы қаласы Әуезов ауданында тұратын 37 жасар азамат болып шықты. Оның міндеті әкелінген тауарды таратып сату жұмыстары болған.
«Жақында күдікті өз тұтынушысына есірткіні Саин және Қабдолов көшелерінің қиылысында сатпақ болып келісті. Сатушы Е. есімді азаматқа героиннің 4 чегін 18 мың теңгеге сатуға уәде берген. Есірткі әкелуші сол жерде айғақты заттармен ұсталды. Бұл операцияға біз шұғыл әрекет етуші арнайы жасақты да тарттық. 1 мың, 2 мың және 5 мыңдық теңге номиналды ақша түрлері тәркіленді. Қолға түскен азамат өзінің бар кінәсін еш қысымсыз мойындады», деді Алматы қалалық ІІД есірткімен күрес басқармасының бастығы Денис Лоскутов.
Сонымен қатар, есірткі саудалаушы героиннің негізгі бөлігін өзінің үйінде сақтап отырғанын айтқан. Ол орын арнайы іздеу құралының көмегімен анықталған.
«Біз қазір бұл есірткі тасымалы бағытын анықтап отырмыз. Жақын уақытта ол арна түпкілікті жойылады. Алдағы уақытта наркотрафикке қарсы, есірткі жеткізілуінің фактілерін шектеу және саудалаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстарын күшейте түсеміз», дейді Денис Лоскутов.