Алматы полициясы әйел адамды өлтіріп, басын кесіп алған адамды іздестіріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 сәуір сағат 08:40-те 102 пультіне Шолохов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттың жанынан әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Ақпарат расталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
None

Тергеу-жедел тобы оқиға орнын тексерді, әйелдің басы кесілген. Оның кім екені анықталды: 1976 жылы туған, тұрақты тұрғылықты жері жоқ, бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған.

Біраз уақыттан кейін сол маңдағы сауда орындарының бірінен әйелдің басы табылды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қылмысты ашуға және оның мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде.

«ҚР ҚПК-нің 201-бабы және ҚР Конституциясының талаптарына сәйкес қылмыстық істің өзге де мәліметтері жария етуге жатпайды»,-делінген полицияның хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар