20:18, 15 Шілде 2017 | GMT +5
Алматы полициясы ұрыны оқиға орнынан ұстады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы көліктерді тонап жатқан ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ІІД таратқан ақпаратқа сәйкес, Бостандық аудандық ІІБ қызметкері автотұрақта айналшықтап жүрген адамды байқаған. Олар оқиғаны тасадан бақылауға алады.
«Ақырында әлгі адам тұрақта тұрған Газелдің ішінен құны 100 мың теңге болатын Самсунг маркалы ұялы телефонын алып қаша жөнеледі. Жүргізуші газел көлігін ашық қалдырған екен. Аулаларды аралап қашып бара жатқан жерінен оны полиция қызметкерлері ұстады», - деді қалалық ІІД басқарма басшысы Жанболат Зиадин.
Қазір күдікті қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.