Алматы полициясы заңсыз айналымға түскен ірі мөлшердегі героин тәркіледі

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат - Алматыда заңсыз айналымға түскен кезекті ірі мөлшердегі есірткі тәркіленді.
None
None

Жетісу ауданының 22 жастағы тұрғынынан 200 грамнан аса героин табылды, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Жас жігіт Алматының бір көшесінде полиция қызметкерлерінің көзіне түскен. «Оның біреумен кездесу белгілегені анық. Ол өзін өте күдікті ұстады, жан-жағына жалтақтап, жиі-жиі сағатына қарап, ашулы жүрді. Ұсталған сәтінде ұнтақ салынған түйіншекті лақтырып жіберуге тырысты. Кейін сараптама оның 204 грамм героин екенін анықтады», - деп түсіндірді қаланың ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Деннис Лоскутов.

Қолға түскен азамат бұрын есірткі заттарын сақтап, оны таратқаны үшін жазасын өтеген.

Соңғы жаңалықтар