13:33, 19 Сәуір 2022 | GMT +5
Алматы-Шамалған-Ұзынағаш тасжолының бір бөлігі уақытша жабылады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биылғы 2 мамырдан бастап Алматы-Шамалған-Ұзынағаш тасжолының учаскесі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» компаниясы Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 25 тамызға дейін республикалық маңызы бар жолдың 22-24 шақырымдары аралығы уақытша жабылады. Бұл шектеу Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының құрылысына байланысты енгізілді.
«Жабылған учаскені Қырғауылды елді мекеніндегі Көкдала және Іңкәрбеков көшелері, Райымбек елді мекеніндегі Сүйінбай және Наурыз көшелері арқылы айналып өтуге болады. Жол полициясымен тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырылып, тиісті жол белгілері, бағдаршамдар орнатылады», - делінген ведомство мәліметінде.