Алматы сот әділдігіне теңдей қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде дөңгелек үстел жиыны өтеді

АЛМАТЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 15 ақпанда «Сот әділдігіне баршаның теңдей қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмек көрсету» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтеді.
None
None

Бұл шараны «Еуропаны кеңейту» бағдарламасының аясында Финляндияның Сыртқы істер министрлігінің бастамасы бойынша Орталық Азиядағы Еуразия қоры ұйымдастырып отыр.

Онда Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарының сот төрелігіне қолжетімділігі туралы зерттеу қорытындылары ұсынылады. Ол Финляндия Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия қоғамның әрқилы топтары арасындағы сот әділдігіне қолжетімділікті жеңілдетуге бағытталған көп жылдық бағдарламасын жасауға негіз болмақ. Бұл басқосу кезінде Орталық Азиядағы Еуразия қорының қарапайым адамдардың өздерінің құқықтық мәселелерін қалай шешуге тырысатыны жөнінде түсірген деректі фильмі көрсетілмек.

Дөңгелек үстел мәжілісіне елшіліктер, халықаралық және коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық қорлар, әділет органдары, адвокаттар алқасы мен үкімет өкілдері және Қазақстан, Қырғызстан Тәжікстан омбудмсмендері қатысады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар