Алматы студенттері төтенше жағдайларға байланысты оқу-жаттығу сынағынан өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқу-жаттығу жиыны Білім және ғылым министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қаулысы нәтижесінде өткізілді. Оған қалалық бірнеше университет студенттері мен Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қатысты.
«Мұндай шара студенттер арасында бірінші рет өткізіліп отыр. Мақсаты -төтенше жағдайларға қарсы қалай күресу, қандай әрекет қолдану керектігіне халықты үйрету. Оқу-жаттығу жұмыстары тек Алматы қаласында емес, Республиканың барлық аймақтарында өткізіледі»,- деді Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Юрий Ильин.
Бұндай бірлескен жобалар шет елдерде тұрақты жүргізіліп тұрады. Енді ол Қазақстанда іске аса бастады. Шара барысында студенттер орын алған оқыс оқиғаларға қарсы құтқару әрекеттерін тәжірибе ретінде көрсетті.
«Бұл шара министрлік бұйрығы бойынша балық университет басшылары мен қалалық төтенше жағдайлар бөлімшесі басшылығының өзара келісімі арқылы өтуде. Соңынан төтенше жағдайлар мамандары баға береді. Егер осы шара жақсы нәтиже беріп жатса, болашақта да жалғастыра бермекпіз»,- деді университет проректоры Сәрсен Жүсіпбеков.
Бірлескен жоба келер жылы басқа да оқу орындарында өткізіледі деп жоспарланған.