«Алматы су»: Есеп құралын ауыстыру міндетті емес

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлерге су есептеу құралын ауыстырсын деген талап қате таратылған болып шықты. Бұл туралы бүгін баспасөз туры барысында "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өкілі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Есептеу құралдарына келсек, түсініспеушілік орын алды. Бізде Алматыда қолға алынған Smart Almaty үлкен бағдарламасының бір бағыты - цифрлы су арнасы деп аталады», - деді «Алматы су» МКК өкілі Серік Шағыров. Оның айтуынша, бұл бағдарлама толығымен іске асса, инспекторлар мен бақылаушылар штаты қысқарады.

2016 жылдан бастап барлық тұрғын үй, коммерциялық нысандар қашықтан бақылауға мүмкіндік беретін есептеу құралымен жабдықталуға міндеттелген.

Оның айтуынша, тұтынушылар, оның ішінде бизнесмендердің есептеу құралдары талапқа сай болмаса, оларды ауыстыруға міндеттелмейді.

«Тұтынушылардың үшінші санаты - бизнесмендердің көпшілігінің есептеу құралы ескірмеген, ауыстыруды қажет етпейді. Біздің жұмыс тобы барлық тұтынушыларға қате ақпарат таратқан. Техникалық ақауға байланысты қашықтан басқарылатын есептеу құралын орнату туралы хабарлама үшінші санаттағы тұтынушыларға да кетіп қалған. Егер есептеу құралының пайдалану мерзімі аяқталмаса, оларға ештеңе айырбастаудың қажеті жоқ екенін ресми мәлімдеймін», - деді кәсіпорынның ресми өкілі.

Айта кету керек, бұған дейін қалалық кәсіпкерлер «Алматы су» кәсіпорнының жұмысына шағым түсірген болатын. Олардың айтуынша, кәсіпорын су нысандарында есептеу құралының жаңа моделін орнатуды талап еткен.

Бұл мәселе кәсіпкерлердің құқығын қорғау туралы кеңесте талқыланды.

Соңғы жаңалықтар