Алматы тарапынан 2017 жылы өтетін Универсиада ойындарына қосымша 4 спорт түрі енгізілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы тарапынан 2017 жылы өтетін 28-ші қысқы бүкіләлемдік студенттік универсиада ойындарына қосымша 4 спорт түрі енгізілді.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда Универсиада нысандарына жасалған пресс-тур барысында «Алматы қ. халықаралық спорт жобалары дирекциясы» Мемлекеттік қоры директорының орынбасары Нұржан Әбілхайыр мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл норма Халықаралық студенттік спорт федерациясының (ФИСУ) ережесінде жазылған.

«Универсиада талаптары бойынша 8 міндетті медальдік спорт түрі бар. Және оларға қосымша ретінде универсиаданы өткізетін қалаға, өз қалауынша тағы 4 медальдік спорт түрін таңдау құқығы берілген. Алматы қаласы тарапынан 8 міндетті спорт түріне қоса, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, коньки спорты және фристайл таңдап алынды. Сонымен қатар біз медальсіз, яғни жәй көрнекілік түрде бендиді де (допты хоккей) универсиада бағдарламасына қосып отырмыз. Нәтижесінде 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы универсиада аясында жалпы 12 медальдік және бір медальдік емес спорт түрінен жарыстар болады», - деді өз сөзінде Н. Әбілхайыр.

Айта кетелік, 28-ші қысқы бүкіләлемдік қысқы студенттік универсиада аясында Алматыға 50 астам елден 3 мыңнан аса спортшы келеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар