Алматы-Ташкент автожолындағы дәмхананың жанынан граната табылды

ТАРАЗ. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы-Ташкент автожолында орналасқан дәмхананың маңынан граната табылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-ден.

Алматы-Ташкент автожолындағы дәмхананың жанынан граната табылды

Алматы-Ташкент көлік жолының 452-ші шақырымында, Тұрар Рысқұлов ауданы, Ақыртөбе ауылының аумағында жол бойында орналасқан «Достық» дәмханасының маңынан граната табылды.

Жамбыл облыстық ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің саперлік тобы жүргізген тексерудің нәтижесінде табылған зат Ф-1 оқу гранатасы екендігі анықталды, зат қауіп төндірмейді.

Табылған жарылғыш зат сараптама жасау үшін Жамбыл облыстық ІІД қызметкерлерімен алынды, деп хабарлады ведомстводан.