11:14, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Алматы-Ташкент тас жолында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Алматы-Ташкент жолының 153-ші шақырымында, Жамбыл облысы Қордай ауданының тұсында кеше, шілденің 8-і күні сағат 23.40-та «Мерседес» автобусының жүргізушісі «БМВ» автокөлігімен соқтығысып қалды

Оқиға салдарынан «БМВ» көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен жолаушы әйел, тұлғасы әзірге анықталған жоқ, оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы - 41 жастағы ер азамат пен 10 жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.