Алматы-Ташкент жолындағы апатта жеті адам опат болды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін түнгі сағат екіде Алматы-Ташкент тас жолының 391-ші шақырымында, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов атындағы ауданның Көкарық ауылының тұсында үлкен жол-көлік апаты орын алып, оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты.

Алматы-Ташкент  жолындағы апатта  жеті адам опат болды
ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. Алдын-ала мәліметтер бойынша, «Опель-Вектра» көлігінің 26 жастағы жүргізушісі Ж. деген азамат рульге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, қарсы келе жатқан «КамАЗ» көлігімен соқтығысады. Оқиға салдарынан «Опель» көлігінің жүргізушісі мен оның алты жолаушысы - 21-25 жастағы азаматтар қайтыс болды, олардың біреуі Құлан ауылындағы аудандық ауруханада көз жұмды.