Алматы тауларында қар барысының зообағы ашылады
Ерекше күзетті талап ететін нысан адамдарға қол жетімсіз жерде биік тауда жасақталады.
Ондаған гектарды алып жатқан территорияда тау ешкілері, бұғылар мекендейтін болады. Бұл қар барыстарының қоректік базасы болмақ.
«Биыл Шығыс пумасы ресми түрде жойылған жануар санатына енді. Келесі жойылатын жануар қар барысы болуы ғажап емес. Әлемде 4-7 мың қар барысы қалған. Алатауда оның 100 шақтысы мекендейді. Қазақстан - қар барысы мекендейтін 12 елдің бірі. Бірақ бізде осы жануарды сақтап, көбейтуге арналған бағдарлама жоқ», - деді Ержан Еркінбаев.
Оның айтуынша, биыл зоолог ғалымдар мен Зоология институтының өкілдері ғылыми зерттеу жүргізіп жатыр.
«Егер наурызда Алматы әкімдігі мен Үкімет алдында биологиялық негіздемемізді қорғасақ, келер жылы демеушілердің қаржысына қар барысына зообақ саламыз»,- деді ол.